«Жылы қарым-қатынас – мықты команда»
Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы – «Жылы қарым-қатынас – мықты команда».
Кез келген ұжымның табысы тек кәсіби білім мен тәжірибеге ғана емес, ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты.
Жылы сөз, қолдау, түсіністік – ұжымдағы сенімнің негізі. Ал сенім бар жерде әрбір қызметкер өзін еркін сезінеді, ойын ашық жеткізеді және ортақ мақсатқа сеніммен қадам басады.
Біз күн сайын бірге жұмыс жасаймыз, бірақ кейде бір-бірімізді тереңірек тануға уақыт таппай жатамыз. Бүгінгі кездесу – сол олқылықтың орнын толтыруға, өзара байланысты нығайтуға және жағымды атмосфера қалыптастыруға арналған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0