«Кітап ал да, кітап сыйла» жобасы
Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жүзеге асырылған «Кітап ал да, кітап сыйла» жобасы аясында жасанды интеллект көмегімен арнайы бейнематериал әзірленген болатын. Аталған жоба жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Жоба барысында жасалған жасанды интеллект туындысы шағын кинотеатрда жастарға көрсетілді. Көрсетілімге қатысқан көрермендер жаңа форматтағы мазмұнмен танысып, заманауи технологиялардың мүмкіндіктеріне куә болды.
Аталған шара жастардың рухани дамуына серпін беріп, инновациялық тәсілдер арқылы кітап мәдениетін насихаттауға өз үлесін қосты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0