Жамбыл ауданы «Жасыл ел» еңбек жасақтары
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстан Республикасының жастарын экологиялық мәдениетке баулу, елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру және табиғатты қорғау жұмыстарына тарту.
Мазмұны:
«Жасыл ел» — Қазақстан жастарының еңбек жасақтарын біріктіретін әлеуметтік жоба. Бағдарлама аясында жастар жазғы мезгілде көгалдандыру, ағаш отырғызу, тазалық пен абаттандыру бағытында жұмыстар жүргізеді.
Жобаның арқасында студенттер мен жұмыссыз жастар маусымдық жұмыспен қамтылып, еңбекақы алады және табиғатты аялауға өз үлестерін қосады.
Бағыттары:
- Ағаш отырғызу
- Саябақтар мен демалыс орындарын тазалау
- Эко-акциялар ұйымдастыру
- Эко-ағартушылық іс-шаралар өткізу
Жобаның артықшылықтары:
- Уақытша жұмыспен қамтылу
- Жалақы төленеді
- Қоғамға пайдалы іс атқару
- Жаңа достар мен тәжірибе жинау
Жамбыл ауданы бойынша 2025 жылы «Жасыл ел» еңбек жасағына аудандық бюджеттен бөлінген 8.500 мың тг (100 жас) теңгеге жұмыссыз, студент және уақытша бос жүрген жұмыссыз (NEET санатындағы) жастарды маусымдық жұмыстарға тартылды. Сәуір, мамыр, маусым айлары бойынша 100 жас қамтылды. Оның ішінде 1-і уақытша бос жүрген (NEET) жастар болса, 1-і пробация тізімінде тұрған жастар. Маусымдық жұмыстар барысында 7 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 50-ге жуық қураған ағаштар кесіліп, 300-ге жуық бақша гүлдері отырғызылды.
https://www.instagram.com/jasyl.el_jambyl/profilecard
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
1
Қызықсыз
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0