2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Жамбылдықтардан гуманитарлық көмек жолданды

Қыркүйек 23, 2025 - 10:14
Қыркүйек 29, 2025 - 09:19
 0  2

2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Жамбылдықтардан гуманитарлық көмек жолданды

2024 жылдың көктемінде еліміздің бірнеше өңірінде орын алған жойқын су тасқыны салдарынан тоғыз облыста – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Ұлытау облыстарында – жергілікті ауқымда төтенше жағдай режимі енгізілді. Табиғи апат көптеген елді мекендерді су басып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты қазақстандықтарға арнайы үндеу жасап, елді қиын сәтте ауызбіршілік пен жанашырлық танытуға шақырды.

12 сәуір күні Жамбыл ауданының тұрғындары мен еріктілері де бұл игі бастамадан шет қалмай, зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Аудан халқы азық-түлік, жылы киім-кешек, төсек-жабдықтар мен алғашқы қажеттіліктегі тұрмыстық заттарды жинап, арнайы көліктерге тиеп, Жамбыл облысы арқылы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге аттандырды.

Гуманитарлық көмекті ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарына жергілікті әкімдік, еріктілер тобы және қоғамдық ұйымдар белсене атсалысты.

Бұл қайырымдылық шара – Жамбылдықтардың ел басына күн туған шақта бірлік пен бауырмалдық танытып, қиын жағдайға тап болған отандастарына қолдан келгенше көмек көрсетуге әрдайым дайын екенінің айқын дәлелі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0