«Ардагер – ұлт қазынасы» атты тақырыпта жастар мен ардагерлердің тағылымды кездесуі ұйымдастырылды.
Жастар ресурстық орталығында «Ардагер – ұлт қазынасы» атты тақырыпта жастар мен ардагерлердің тағылымды кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ардагерлер өз өмір жолдары, еңбек тәжірибесі мен ел үшін атқарған қызметтері туралы сыр шертіп, жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін берді. Жастар өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, үлкендердің өмірлік тәжірибесінен тағылым алды.
Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастарды отансүйгіштікке, елін қадірлеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Ардагерлердің өнегелі өмірі – жас буын үшін әрқашан үлгі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0