«Буллинг пен кибербуллинг: зияны және алдын алу жолдары»
«Буллинг пен кибербуллинг: зияны және алдын алу жолдары»
Ә.Тарази орта мектебінде «Буллинг пен кибербуллинг: зияны және алдын алу жолдары» тақырыбында оқушылармен танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс-шара барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллинг ұғымдарының мәні, түрлері, олардың психологиялық және әлеуметтік салдары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерге интернеттегі қауіпсіздік ережелері, әлеуметтік желідегі этикалық мінез-құлық, басқа адамдардың жеке кеңістігіне құрметпен қарау сынды маңызды тақырыптар қозғалды. Тренинг пен сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің бір-біріне деген сыйластық, мейірім және түсіністік сияқты адами құндылықтарды бойларына сіңіруіне септігін тигізеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
2
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0