Жастар ресурстық орталығының сән салонында волонтерлік мақсатта тегін қызмет көрсету шарасы ұйымдастырылды.
Жастар ресурстық орталығының сән салонында волонтерлік мақсатта тегін қызмет көрсету шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында көпбалалы анаға бет әрлеу қызметі көрсетіліп, көпбалалы отбасынан шыққан ұл балаға тегін шаш қию жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, олардың көңіл-күйін көтеру және қоғам тарапынан қамқорлық бар екенін сезіндіру.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта да осындай шараларды жалғастырып, жастар мен отбасыларға қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0