«Eki zhuldyz»
Ұстаз бен шәкірт сахнада: «Eki zhuldyz» байқауының жеңімпаздары анықталды!
2026 жылдың 26 ақпанында Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы КММ ұйымдастыруымен өткен «Eki zhuldyz» аудандық шығармашылық байқауы нағыз өнер мерекесіне айналды.
Жобаның басты ерекшелігі: Сахна төрінде кәсіби әншілер емес, мектептің жас ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары жұптасып өнер көрсетті. Бұл — ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланыстың алтын көпірі, өзара сенім мен шығармашылық үндестіктің жарқын көрінісі болды. Байқау барысында қатысушылар әсем ән шырқап қана қоймай, сахналық мәдениет, әртістік шеберлік және көрерменмен байланыс орнату қабілеттерін де жоғары деңгейде көрсетті. Әр жұптың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, залға ерекше шабыт сыйлады.
Байқау нәтижесі: 1-орын: Гагарин атындағы мектеп-лицейі1-орын: Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы
2-орын: Айша бибі орта мектебі
3-орын: Б. Тайшапов орта мектебі
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай тағылымды әрі шығармашылық жобалар ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтып, жас таланттардың қанат қағуына зор мүмкіндік береді. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0