АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Бүгін Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында DIGITAL AUYL: «Жастардың жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық ауыл жастары форумы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, сондай-ақ Тараз, Шу, Жаңатас қалалары мен барлық аудандардан келген жүзге жуық жас қатысты.
Форумның алғашқы бөлігі аудандық Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылды. Мұнда жергілікті белсенді жастар шеберлік сағаттарын өткізіп, түрлі жобалар мен бастамаларын көпшілікке таныстырды. Ал аудандық Мәдениет үйі алаңында 10 арнайы шатыр тігіліп, аудан жастары мен жасөспірімдерінің тың идеялары мен шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды.
Форумда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жастардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті:
«Бүгінгі форум – ауыл жастары үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Біз сіздердің әрбір идеяларыңызды қолдауға, жаңа жобаларыңыздың іске асуына барынша жағдай жасауға дайынбыз. Болашағымыз – білімді, белсенді жастардың қолында», – деді ол.
Іс-шара соңында бірқатар белсенді жастар аудан және облыс әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапатталды. DIGITAL AUYL форумы – ауыл жастарының әлеуетін танытып қана қоймай, олардың өз идеяларын жүзеге асыруға шабыт берген маңызды алаңға айналды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
1
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0