«Cake Land» кондитерлер сайысы
«Cake Land» кондитерлер сайысы: Жамбыл ауданының жастары өз өнерлерін көрсетті
2025 жылдың 28 ақпанында Жамбыл ауданында жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған ерекше іс-шара өтті. Аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Cake Land» кондитерлер сайысы жоғары деңгейде өтті.
Бұл сайыстың негізгі мақсаты — жастардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуін қамтамасыз ету, олардың кондитерлік өнерге деген құштарлығын арттыру және жаңа таланттарды анықтау. Сонымен қатар, іс-шара жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын оятып, өз бетінше жұмыс бастауға ынталандыруға бағытталды.
Сайысқа қатысушылар түрлі-түсті және креативті торттар мен тәттілер дайындап, өздерінің ерекше шеберліктерін көрсетті. Әрбір қатысушының жұмысы өзіндік стилімен және идеясымен ерекшеленді. Қазылар алқасы дайындалған торттардың дәміне, дизайнына және орындалу техникасына баға беріп, үздіктерді анықтады.
Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, естелік сыйлықтармен және бағалы марапаттармен марапатталды. Бұл сайыс жастарға тек өнер көрсетуге ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісуге керемет мүмкіндік берді. "Cake Land" сайысы жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып, болашақта да жалғасын табатынына сенімдіміз.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0