«1 қазан – Қарттар күні» мерекесіне орай Әлімқұлов Нұрсейіт атамызға ізгі сый-құрмет көрсетілді
Заң және тәртіп қағидатын ұстану – қоғамдағы бейбіт өмір мен тұрақтылықтың кепілі.
Осы қағидатты негізге ала отырып, «1 қазан – Қарттар күні» мерекесіне орай пробация есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен тағылымды шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында құқық қорғау саласының ардагері, ұзақ жылдар бойы елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек еткен құрметті зейнеткер Әлімқұлов Нұрсейіт атамызға ізгі сый-құрмет көрсетілді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен өнегесін жас буынға үлгі ету, сондай-ақ пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеудің бір тетігі ретінде олардың бойына отансүйгіштік пен үлкенге құрмет сынды асыл қасиеттерді сіңіру.
Ардагер атамыз өз қызметтік жылдарындағы қызығы мен қиындығы қатар өрілген естеліктерімен бөлісіп, азаматтарды ел заңын қастерлеуге, әділдік пен адалдықты ту етуге шақырды. Жиналған қауым Нұрсейіт ақсақалға ыстық ықыласын білдіріп, мерекелік құттықтау мен алғыс сөздерін арнады.
Бұл игі шара қарттарымызға деген құрметтің, өткенге тағзым мен болашаққа сенімнің айғағы болып қана қоймай, пробация есебінде тұрған азаматтардың да қоғамға оң көзқараспен бейімделуіне ықпал етті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0