«Қоғам сақшысы» акциясы аясында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды
«Қоғам сақшысы» акциясы аясында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды
Заң және тәртіп қағидаттарына сәйкес, кәмелетке толмаған жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Жамбыл ауданы көлемінде «Қоғам сақшысы» акциясы аясында түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – ата-аналардың немесе заңды өкілдердің жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру фактілерін анықтау болып табылады.
Рейд барысында Қаракемер және Ақбастау ауылдық округтерінде бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, дүкен иелеріне алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін кәмелеттік жасқа толмағандарға сатуға заңмен тыйым салынғаны ескертілді. Нәтижесінде 2 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 жеке тұлғаға ескерту берілді.
Мұндай алдын алу шаралары жастардың құқықбұзушылықтан сақ болуына және қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
2
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0