Жасыл ел жасақтарының кезекті жұмысы
Таза Қазақстан акциясы аясында Аса ауылының көркейіп, гүлденуіне «Жасыл ел» жасақтары өз үлестерін қосуда!
Бүгін біздің белсенді жастарымыз кезекті абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қыздар мен жігіттер білек түре кірісіп, көше бойындағы жол жиектерін (жиектастарды) әктеп, ауылдың ажарын аша түсті. Ал білекті жігіттеріміз жер аударып, көгалдандыру мен тазалық жұмыстарына белсене қатысты. Еңбек пен бірлік бар жерде береке бар!
Тазалық — табалдырықтан басталады. Ауыл тазалығы — бәрімізге ортақ іс!
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0