«Таза Бейсенбі» акциясы: қарттар үйлері мен жалғызілікті қарттардың аулалары тазаланды
«Таза Бейсенбі» акциясы: қарттар үйлері мен жалғызілікті қарттардың аулалары тазаланды
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасын қолдау мақсатында «AMANAT» партиясы ел көлемінде «Таза Бейсенбі» акциясын қолға алған болатын. Аталған акция қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды көздейді.
Осы игі бастама аясында бүгін өңірдегі барлық аумақтық филиалдарда кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, елді мекендер аумақтары, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің айналасы қоқыстан тазартылды.
Аталған шара Жамбыл ауданында да өз жалғасын тауып, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері Аса ауылында тұратын егде жастағы ардагерлер мен жалғызілікті қарттардың аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Жастар қураған шөптер мен тұрмыстық қалдықтарды жинап, аулаларды ретке келтіріп, қарттарға тұрмыстық тұрғыда қажетті көмектер көрсетті.
Акция барысында еріктілер қарттардың хал-жағдайын сұрап, ізгі тілектерін білдіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қағидатын насихаттады. Шараға қатысқан ардагерлер жастардың бұл бастамасына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыру, қоғамның ерекше құрметіне лайық ардагерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ жастар арасында азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
«Таза Бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, елді мекендердің көркеюіне, қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты нығайтуға өз үлесін қоса бермек.
https://www.instagram.com/reel/DSHwhkiAtto/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
1
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0