ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: КЕЛІНДЕР СИЫР САУЫП, ҚАМЫР ИЛЕДІ

Қыркүйек 20, 2025 - 12:05
Қыркүйек 20, 2025 - 12:08
 0  14

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: КЕЛІНДЕР СИЫР САУЫП, ҚАМЫР ИЛЕДІ

Бүгін Жамбыл ауданында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен және Жамбыл ауданы әкімдігінің қолдауымен ұлттық дәстүр мен құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Қазақтың келіндері-ай» атты аудандық байқаудың 1-ші кезеңі өтті.

Келіндер арасында өтіп жатқан сайысқа ауданның он бір ауылдық округінен 35 жасқа дейінгі келіндер қатысып, өзара бақ сынауда.

Байқаудың 1-ші кезеңінде келіндер табиғат аясында аспаздық өнер және сиыр сауудан жарысса, байқаудың 2-ші күні сахнада өнер көрсетіп, ақыл парасатымен жарысатын болады.

Бүгінгі байқауда келіндерге ауданның асыл әжелері төрешілдік етсе, ертеңгі сайыста арнайы бекітілген төрешілер өз бағасын бермек.

Жамбыл ауданының қай келіні үздіктер қатарынан танылып, облыстық ақтық мәреге жолдама алатынын ертең білетін боламыз!

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 1
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 2
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 1