“Мерейлі жас отбасылар арасында” “Әкем,анам және мен”эстафеталық жарысы өткізілді
Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы”КММ-нің ұйымдастыруымен Аса ауылдық округінде жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында “Мерейлі жас отбасылар арасында” “Әкем,анам және мен”эстафеталық жарыс өткізілді.
Бұл шара жастар арасында ұйымшылдықты, жауапкершілікті, бірлік пен өзара қолдауды қалыптастыру мақсатында өткізілді. Қатысушылар тек физикалық шапшаңдықтарын ғана емес, сонымен қатар командалық рух пен сенімділікті де көрсете білді.
Эстафета бағдарламасына түрлі қимыл-қозғалыс ойындары, жылдамдық пен ептілікті талап ететін тапсырмалар енгізілді. Әр кезеңде команда мүшелері бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ мақсатқа бірге жетуге тырысты.
Нәтижесінде:
”Жалын 2” командасы
”Жалын” командасы
”Аламан” командасы иеленді. Жарысқа қатысқан өзге командалар түрлі номинациялар бойынша марапатқа ие болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0