5 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай жастармен “Заң үстемділігі” тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Сайлау және Заң: Жастармен ашық диалог
5 ақпан — Дүниежүзілік сайлау күніне орай, аудан жастарымен «Заң үстемділігі» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Бұл шараның мақсаты — жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға белсенді қатысуын ынталандыру.
Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар сайлау жүйесі мен заңның қоғамдағы рөлі туралы терең мағлұматтармен бөлісті:
- Еламан Ғалымжанұлы Алпысбаев (Жамбыл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы) сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігі, дауыс берудің конституциялық маңызына тоқталды.
- Жандар Жамбылұлы Тоқсаба (Жамбыл ауданы мәслихатының депутаты) азаматтық жауапкершілік пен халық қалаулысы болудың жауапкершілігі туралы ой өрбітті.
- Ардан Тәжібайұлы Бекболатов (Заңгер, аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі) құқықтық мемлекет құрудағы заң үстемдігінің басымдықтарын түсіндіріп берді.
Жастар — өзгерістердің бастаушысы
Кездесу еркін форматта өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Пробация тізіміндегі азаматтарды әлеуметтендіру, Өрнек ауылындағы жұмыссыз жастардың мәселесі және сайлау құқығы — бұл тақырыптардың барлығы бір арнаға, яғни Заң мен Тәртіпті сақтауға тоғысты.
«Сайлауға қатысу — бұл жай ғана дауыс беру емес, бұл — өз еліңнің тағдырына, заңның орындалуына деген тікелей жауапкершілік», — деп түйіндеді кездесу қонақтары.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0