Ұлы композитор Ш. Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Cover show» атты жастар арасында ән байқауы өтті
Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Cover show» атты жастар арасындағы ән байқауы өтті.
Мақсаты — қазақ эстрадасының негізін қалаушы, ұлттық музыка өнерінің өшпес тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын жастар арасында насихаттау, жас таланттардың өнерге деген ынтасын арттыру және олардың сахналық шеберлігін дамыту.
Байқауға ауданның әр елдімекенінен өнерлі жастар қатысып, Шәмші әндерін жаңаша интерпретацияда орындады. Қатысушылар вокалдық қабілеттерімен, сахна мәдениетімен және әнге деген өзіндік көзқарастарымен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша:
1-орынды Аса ауылдық округінен қатысқан Рахымбек Асылзат жеңіп алды.
2-орынды Кеңесбай Саят иеленді.
3-орын Жолшыбек Арайлымға бұйырды.
Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сертификаттар табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін естелік сыйлықтар ұсынылды.
Мұндай іс-шаралар — жастардың шығармашылық қабілетін шыңдай отырып, ұлттық мәдени мұрамызды насихаттауға жол ашады. Ұлы композитордың әндері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ел жүрегінде мәңгілік орын алатыны сөзсіз.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0