«Қамқорлық пен жылулық» акциясы
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен суық күндері қар тазалау жұмыстарымен айналысып жүрген жандарға қолдау көрсету мақсатында «Қамқорлық пен жылулық» акциясы өткізілді.
Акция барысында аудан тазалығын сақтауға үлес қосып жүрген жандарға ыстық шай мен жылы лебіз таратылды.
Аталған игі іс-шараның негізгі мақсаты – ауа райының қолайсыздығына қарамастан адал еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсету, оларға қамқорлық пен жылулық сыйлау.
Мұндай қайырымдылық бағыттағы акциялар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0