Заң мен тәртіп
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі. Осы бағытта Жамбыл аудандық полиция бөлімінің ЮПТ инспекторларымен бірлесе отырып, түнгі уақытта профилактикалық рейд жұмыстарын ұйымдастырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға аса назар аударды.
Қолданыстағы ҚР ӘҚБК-нің заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта (сағат 23:00-ден кейін) қоғамдық орындарда жүруіне шектеу қойылған. Осыған байланысты түнгі уақытта жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.Профилактикалық рейд барысында полиция инспекторларымен бірлесіп, түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүрген жасөспірімдерді анықтап, олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын орындамаған жағдайда ата-аналары не заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0