«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
Бүгін 23 наурыз – Тазару күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының белсенді жастары бірігіп, ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді. Игі шара барысында «Аса-Өрнек» тас жолының бойы тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылып, жол жиегіндегі ағаштар ретке келтіріліп, артық бұтақтары шабылды.
Мұндай шаралар туған өлкеміздің көркейіп, экологиялық мәдениеттің артуына септігін тигізері сөзсіз. Табиғатты аялау — әрбір азаматтың ортақ міндеті. Біздің белсенді жастарымыз өз істерімен айналаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0