«Qazaqy Bolmys» жобасы: Ұлттық құндылықтың алтын діңгегі – Өрнек келінінің бір күні
«Qazaqy Bolmys» жобасы: Ұлттық құндылықтың алтын діңгегі – Өрнек келінінің бір күні
Ұлттық болмысты, салт-дәстүрімізді және қазақы отбасылық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында қолға алынған «Qazaqy Bolmys» жобасы өз жұмысын бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты — қазақ отбасының қасиетін, келіннің орнын, ананың мейірімін және ұлттық тәрбиені заманауи үлгіде көрсету.
Жобамыздың алғашқы кейіпкері — Жамбыл ауданы, Өрнек ауылдық округінің берекелі келіні, Шымыр елінің ақ босағасын аттаған Қошанова Мөлдір. Дархан әулетінің түтінін түтетіп, үш баланың аяулы анасы болып отырған Мөлдірдің бір күндік тыныс-тіршілігіне куә болып, оның қазақы болмысына тереңірек үңілдік.
Ауыл тыныштығындағы үйлесім
Өрнек ауылының тыныштығы мен табиғи сұлулығы аясында Мөлдірдің әр таңы ерекше басталады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0