ҚОҒАМ САҚШЫСЫ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІП КЕПІЛІ

Ақпан 19, 2026 - 13:37
 0  2
ҚОҒАМ САҚШЫСЫ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІП КЕПІЛІ

ҚОҒАМ САҚШЫСЫ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІП КЕПІЛІ

«Қоғам сақшысы» республикалық акциясы аясында Жамбыл аудандық Жастар ресурстық орталығы мен полиция бөлімі бірлесіп түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

Рейд барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салынатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, дүкендер мен сауда орындарында алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын кәмелетке толмағандарға сатуға заңмен қатаң тыйым салынатыны, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз жасөспірімдердің болуына жол берілмейтіні кәсіпкерлер мен азаматтарға ескертілді.

Рейд нәтижесінде анықталған құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына заң аясында ескертулер берілді.

Мұндай профилактикалық шаралардың басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы заң талаптарын сақтау.

Заң мен тәртіп – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0