«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жаңа маусымы салтанатты түрде ашылды

Сәуір 1, 2026 - 13:39
 0  2

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының облыстық маусымының ашылуы өтті!

Жастардың белсенділігін арттырып, елге қызмет етуге бағытталған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жаңа маусымы салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға арнайы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлы қатысып, жастарға сәттілік тілеп, игі бастаманың маңыздылығын атап өтті және бұл жобаның тәрбиелік әрі экологиялық мәніне тоқталды.

Ашылу аясында Қарахан ескерткіші маңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, жастар туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.

Жамбыл ауданының жастары әрдайым белсенділік танытып келеді. «Жасыл ел» еңбек жасақтары алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға өз үлестерін қоса береді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0