«XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.
2026 жылғы 21 сәуір күні Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың танымдық қабілетін арттыру, логикалық ойлау жүйесін дамыту және жас зияткерлер арасында салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
Сайысқа 6 команда қатысып, өзара білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Қорытынды бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Аталған іс-шара жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға және білімге деген қызығушылығын дамытуға оң әсерін тигізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0