«Сыр сұхбат» айдары | Халықаралық қарттар күніне орай
«Сыр сұхбат» айдары | Халықаралық қарттар күніне орай
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Сыр сұхбат» айдарының кезекті қонағы – Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сырлыбаев Бақыт Уәлиұлы болды.
Сұхбат барысында Бақыт Уәлиұлы жастардың қоғамдағы орны, ел болашағы үшін жасалып жатқан игі бастамалар, сондай-ақ аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланыс пен тәрбиенің маңыздылығы жайында кеңінен ой қозғады. Ардагер ретінде өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарға өмірлік бағыт-бағдар беретін кеңестер айтты.
Сонымен қатар, Бақыт Уәлиұлы барша аудан тұрғындарын Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, үлкендерге құрмет көрсету – адамгершіліктің, ізеттіліктің белгісі екенін атап өтті.
Мақсаты:
– Аға буынның өмірлік тәжірибесін жастарға үлгі ету;
– Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту;
– Жастардың тәрбиесі мен қоғамдық белсенділігін арттыру.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0