Психологиялық қабылдау

Мамыр 14, 2026 - 18:18
 0  1

Неке куәлігін салтанатты түрде табыстау рәсіміне келген жас отбасымен психологиялық кабинетте қабылдау жүргізіліп, отбасы құндылықтары мен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесу барысында ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, ашық әрі тиімді коммуникация орнату, эмоцияларды дұрыс жеткізу және бір-бірін тыңдай білу дағдылары талқыланды.

Негізгі мақсат – жас отбасының ішкі үйлесімін қалыптастыру, өзара құрмет пен сенімді арттыру, туындаған қиындықтарды бірлесіп шешуге бағыт беру. Сонымен қатар, отбасы мүшелерінің рөлдері мен жауапкершіліктерін айқындау арқылы тұрақты әрі берік қарым-қатынас құруға психологиялық қолдау көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0