«Психология: білім беру ұйымдарында қауіпсіз кеңістік құрудың заманауи стратегиялары»

Қазан 13, 2025 - 11:15
 0  2

Жамбыл аудандық білім беру ұйымдарының психологтарымен мазмұнды семинар өтті.

Семинардың мақсаты: 

Білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиімді механизмдерді, заманауи әдіс-тәсілдерді қарастыру және психологтар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру. Сонымен қатар, білім алушылардың тұлғалық дамуына, әлеуетін ашуға ықпал ететін қолайлы, сенімді орта қалыптастыру жолдарын талқылау.

Аталған шараны Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен аудандық білім бөлімі бірлесе ұйымдастырды.

Семинарға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Оспанбаева Махаббат Пернебайқызы арнайы шақыртылып, қатысушылармен тәжірибе бөлісті. Ол «Жайлы орта – оқушы әлеуетін ашудың құралы» тақырыбында психопрофилактикалық алғышарттар мен практикалық тәсілдерге тоқталып, оқушының өзін еркін, қауіпсіз сезінуі оның оқу жетістігіне тікелей әсер ететінін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.

Шара барысында мектеп психологтары тренингтерге қатысып, өзара тәжірибе алмасып, нақты жағдайлар бойынша пікір бөлісті.

Мұндай семинарлар білім беру саласында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге, оқушылармен жұмыс жасау сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Қорытындысында қатысушылар алғыстарын білдіріп, осындай мазмұнды кездесулердің жиі ұйымдастырылуын құптайтындарын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0