«KinoStar» жас мұғалімдер арасындағы байқау
🎬 «KinoStar» жас мұғалімдер арасындағы байқау өз мәресіне жетті!
Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқаудың басты мақсаты — жас педагогтердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, креативті ойлауын ынталандыру және мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру болды.
Сайыс бірнеше кезеңнен өтіп, қатысушылар танымал кино кейіпкерлерінің образын сомдап, саундтрек орындап, шағын көріністер арқылы өз өнерлерін жан-жақты көрсетті.
📌 Байқауға ауданның әр мектебінен құлшыныспен келген жас мұғалімдер белсене қатысып, ерекше дайындықпен өнер көрсетті.
🏆 Жеңімпаздар тізімі:
🥇 І орын – №5 Шайдана орта мектебі
🥈 ІІ орын – Б. Момышұлы атындағы мектеп-лицейі
🥉 ІІІ орын – Ю. Гагарин атындағы мектеп-гимназиясы
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, үздіктер арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
👏 Жас ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық шабыттары қашанда арта берсін!
Осындай жарқын жобалар — білім саласындағы жастардың белсенділігін арттыруға үлкен үлес қосары анық!
https://www.instagram.com/reel/DQe0Teigi4E/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0