Алғыс айту күніне орай жастарымыз аналарға құрмет көрсетіп, сый-сияпат тарту етті.
Алғыс айту күніне орай жастарымыз аналарға ерекше құрмет көрсетіп, сый-сияпат тарту етті. Бұл игі шара – аналардың сан жылдық маңдай тері, мейірімі мен шексіз махаббатына деген шынайы ризашылық пен құрметтің жарқын көрінісі. Ана – әр отбасының тірегі, берекесі мен бірлігінің ұйытқысы. Сондықтан оларға алғыс айту – әрбір перзенттің азаматтық парызы.
Мерекелік іс-шара барысында жастар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, аналардың қоғамдағы және отбасы өміріндегі ерекше орнын атап өтті. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған бейнечеллендж арқылы аналарына деген ақ тілектерін жолдап, жылы естеліктерімен бөлісті. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеүндеулер көпшіліктің көңілін толқытып, аналарға деген сүйіспеншілік пен құрметтің арта түсуіне ықпал етті.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақты үлкенді сыйлауға, ата-ананың қадірін білуге, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелейді. Аналарымызға деген алғыс пен құрмет тек мерекемен шектелмей, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0