25 Қазан — Республика күні!
25 Қазан — Республика күні!
Бұл – халқымыздың тағдырына тікелей қатысты тарихи шешім қабылданған күн. Республика күні – еліміздің егемендігін айқындайтын, халық билігінің салтанат құрғанын білдіретін ерекше мейрам. Бұл күн — ел болашағы үшін жауапкершілік алған халықтың таңдауын бейнелейді.
Осы атаулы күнге орай біз аудан тұрғындары арасында блиц сауалнама жүргізіп, олардың «Республика күні сіз үшін нені білдіреді?» деген сұраққа берген ой-толғамдары мен шынайы пікірлерін тыңдадық.
Көпшіліктің жауабынан байқағанымыз — Республика күні әрбір азамат үшін тек мереке ғана емес, тәуелсіз елдің азаматы болудың мақтанышы мен жауапкершілігін сезіндіретін күн.
Мерекеміз құтты болсын!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болғай!
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0