12-ТАМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАМБЫЛДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ
Жайдарманның жайдарлы сайысына 6 команда бақ сынасты. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болған жарысқа Шымкент қаласынан келген «Ақбұлақ», Алматылық «Қыздар-ай» және Тараз қаласынан қатысқан «Престиж», «Метеорит», «Фокус», «Аманат құрама» командалары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова жастарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі:
-Бүгінгі ойынға Тараз қаласымен қатар басқа да облыстардан ойыншылар қатысып отыр. Бұл өз кезегінде аймақтағы шығармашыл жастардың бір-бірлерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесіп жақсы жобалармен жұмыс істеуіне үлкен сеп болмақ. Жайдарман ойындарының қоғамда ұрпақ тәрбиелеуде, тұрғындарға серпіліс беруде үлкен маңызы бар. Сондықтан мұндай жарыстарды тек арнайы мерекелерде ғана емес жиі ұйымдастыруды қолға аламыз - деді.
Көпке күлкі сыйлай отырып, салмақты ойларын саналы әзілмен жеткізе білген командаларға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, «Amanat» партиясы ЖОФ атқарушы хатшысы Уалихан Болатбек, облыстық «Arai» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбеков пен облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айбек Қадыралиев пен ақын Дидар Аббасов төрелік етті.
Тартысты өткен ойында I орынды «Престиж» командасы алды. Ал II орыннан «Ақбұлақ» командасы көрінсе, III орынды «Метеорит» пен «Аманат құрама» командасы бөлісті. Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0