Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы!
Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы
Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы!
Бүгін – шәкірт жүрегіне шырақ жаққан, парасат пен мейірім иелерінің төл мерекесі.
Ұстаздар күніне орай, біз болашаққа жол сілтеген ұлағатты ұстаздарымызға шексіз алғысымызды білдіріп, гүл шоқтарын тарту етеміз. Бұл – алғыс пен құрметтің символы.
Себебі, ұстаз – әр жүрекке ізгілік дәнін себетін, әрбір баланың болашағына сенім ұялатып, биікке жетелейтін тұлға.
Ұстаздың сөзі – тәрбие, ісі – өнеге, жүрісі – үлгі.
Олардың қажырлы еңбегі мен төзімділігінің арқасында елдің ертеңі қалыптасады.
Білім мен тәрбиені қатар алып жүрген ұстаздар – нағыз рухани байлықтың иелері.
Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі ұстаздар!
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметіне бөленген бақытты ғұмыр тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DPWF392jRM-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0