“Ұрпақтар сабақтастығы” атты тақырыпта жастармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды
«Бүгін Ардагерлер үйінде “Ұрпақтар сабақтастығы” атты тақырыпта жастармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында ардагерлер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ел дамуына қосқан үлестері жайында әңгіме өрбітті.
Дөңгелек үстел аясында жастар өз ойларын ортаға салып, аға буын өкілдеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті. Ардагерлер жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, ұлттық құндылықтарды сақтау мен құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.
Аталған шара ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, рухани сабақтастықты жалғастыруға ықпал етті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0