Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған облыстық турнир!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған облыстық турнир!
Бүгін Жастар ресурстық орталығы мен «Альпинизм» федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен «Сколалаз» жобасы аясында жартасқа өрмелеуден облыстық турнир өтті. Бұл спорттық додаға Жамбыл ауданы мен өзге де өңірлерден келген 50-ге жуық жас спортшы қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, шыдамдылық пен шеберліктің үлгісін паш етті.
Жеңіс пен ерлікті дәріптеген бұл шара — жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеумен қатар, олардың рухын көтеріп, отансүйгіштікке баулитын маңызды қадам болды. Турнир барысында қатысушылардың бойынан жігер, қайсарлық пен өзіне деген сенімділік айқын көрінді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0