«Қоғам сақшысы» акциясы аясында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Қазан 7, 2025 - 08:51
 0  1
«Қоғам сақшысы» акциясы аясында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
«Қоғам сақшысы» акциясы аясында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

2025 жылдың қазан айында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков және Қапал ауылдарында «Қоғам сақшысы» атты түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. 

Аталған шараға Жастар ресурстық орталығының мамандары, учаскелік инспекторлар, ауылдық округ әкімдігі мен мектеп мұғалімдері бірлесе қатысты. 

Түнгі рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруі, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жастардың бос уақытын тиімді өткізуін қадағалау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Мақсаты: Жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз әрекеттердің алдын алу, беймезгіл уақытта ата-ана қарауынсыз көшеде жүру жағдайларын болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау. 

Бұл шара – құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0