Жас жұбайларға неке куәлігі салтанатты түрде табысталды
Бүгін неке кабинетінде жас жұбайлар Мұрат пен Ақмаралға неке куәлігі салтанатты түрде табысталды. Бұл – екі жастың өміріндегі маңызды әрі ерекше күн. Жаңа өмірге қадам басқан қос ғашық үшін бұл сәт қуаныш пен бақытқа толы ұмытылмас мереке болды.
Неке – екі жүректің ғана емес, екі отбасының да бір арнаға тоғысуы. Отбасы – сыйластыққа, сенімге, түсіністік пен махаббатқа негізделген қасиетті ұғым. Бүгін қол ұстасып, ортақ өмір жолын бастаған жас жұбайлар бір-біріне тірек болып, тату-тәтті ғұмыр кешеді деп сенеміз.
Осы маңызды күні жас жұбайларға зор денсаулық, баянды бақыт, шаңырақтарына береке мен бірлік тілейміз. Махаббаттары мәңгілік болып, өмір жолдары әрдайым қуаныш пен шаттыққа толы болсын.
Жас отбасыға ақ жол тілейміз! Құтты болсын!
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0