«Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның іргетасы»
«Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның іргетасы»
Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның іргетасы» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау.
Аудандық байқау Гродеково ауылдық округінің Жастарға қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылып, Гродеково, Бесағаш, Қызылқайнар ауылдық округтері мектептерінің 10-сынып білім алушылары қатысты. Қатысушылар өз эсселерінде заң үстемдігі – қоғам тұрақтылығының негізі екенін, ал тәртіп – әділетті мемлекет қалыптастырудың басты тірегі екенін мазмұнды түрде ашып көрсетті.
Байқаудың ашылуында Қазылар алқасы
Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қаламгер Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы сөз сөйлеп, Жамбыл АПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Нурбол Ешмуратов тақырыптың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазылар алқасы жұмыстарды тақырыптың ашылуы, мазмұндылығы, ой тереңдігі авторлық көзқарасы және сауаттылығы бойынша саралады.
Байқау қорытындысы бойынша:
І дәрежелі диплом – Ғалымжан Алихан
(Гродеково орта мектебі)
ІІ дәрежелі диплом – Курбангалиева Ильвира
(Абай атындағы орта мектебі)
ІІІ дәрежелі диплом – Мамытбек Аружан
(М.Әуезов орта мектебі)
«Авторлық көзқарас» номинациясы:
– Суанбек Айгерім (Абай атындағы орта мектебі)
– Нуриева Балнұр (Жасөркен мектебі)
жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау соңында Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы қатысушылардың шығармаларына талдау жасап, жастардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық ұстанымына жоғары баға берді. Жасөспірімдерге жүрекжарды құттықтау сөз айтылып, олардың болашағынан зор үміт күтілетіні жеткізілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
1
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0