Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заң және жауапкершілік» тақырыбында TEDx форматында кездесу ұйымдастырылды
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заң және жауапкершілік» тақырыбында TEDx форматында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Қожахметов Мадияр Қырықбайұлы және Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Тулекова Сауле Құрманбековна спикер ретінде қатысты. Кездесуге ауыл тұрғындары, құқық саласының қызметкерлері және жас мамандар жиналды. Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ заңның қоғамдағы рөлін айқындау. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру, құқық бұзушылықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлерін түсіндіру көзделді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы таныстырылып, «Бір қателік – бір тағдыр» атты бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ қоғам мен жастар арасындағы өзекті мәселелер, вандализм, дроп-қылмыстар, аффект жағдайында абайсызда жасалатын құқық бұзушылықтар, түнгі уақыттағы жүріс-тұрыс тәртібі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасы жан-жақты түсіндірілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0