«Таза Қазақстан»
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған тазалық жұмыстары Аса өзенінің бойында жалғасын тапты. Экологиялық бастаманы қолдау мақсатында шараға 20-ға жуық ерікті белсенді түрде қатысты. Олар өзен жағасын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығына назар аударды.
Тазалық барысында пластик бөтелкелер, қағаз қалдықтары және тұрмыстық қоқыстар жиналып, барлығы 10 қапқа жуық қалдық шығарылды. Бұл – өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0