Еңбек – елдің ертеңі. Адал еңбек – болашақтың берік іргетасы!

Қазан 17, 2025 - 12:25
Қараша 7, 2025 - 14:05
 0  2
Еңбек – елдің ертеңі. Адал еңбек – болашақтың берік іргетасы!
Еңбек – елдің ертеңі. Адал еңбек – болашақтың берік іргетасы!
Еңбек – елдің ертеңі. Адал еңбек – болашақтың берік іргетасы!

2025 жыл – жұмысшы мамандықтардың жылы деп жариялануы – қоғамдағы еңбектің, қарапайым кәсіп иелерінің маңызын терең ұғындыруға бағытталған ерекше бастама. Бұл жыл – еңбек адамдарын ұлықтап, олардың қоғамдағы рөлін арттырудың нақты көрінісі.

Осыған орай, бүгін біз Суперфарм зауытына барып, елдің денсаулығына тікелей ықпал ететін маңызды салада еңбек етіп жүрген жас маманмен таныстық. Ол — зауыттың белді қызметкерлерінің бірі, өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибесі мен іскерлігі арқылы еңбек ұжымында ерекше құрметке ие болған маман.

Кейіпкеріміздің айтуынша: 

“Жұмысшы болу – тек табыс табудың жолы емес. Бұл – елге адал қызмет етудің, пайдалы болудың үлкен мүмкіндігі. Әр адамның ісі – елдің дамуына қосқан үлесі”, – дейді ол.

Сұхбат барысында жас маман өзінің еңбек жолын, кәсіпке қалай келгенін, қазіргі жұмысындағы жетістіктерін және болашаққа деген жоспарларын бөлісті. Оның табандылығы мен еңбексүйгіштігі – жас ұрпаққа үлгі.

Мұндай білікті мамандар – еліміздің экономикасын алға сүйрейтін, қоғамға пайдасын тигізетін тұлғалар. 

Олардың әр күні – нәтиже мен жауапкершілікке толы, адал еңбекпен өрілген өмір жолы.

Бұл материал — жұмысшы мамандықтарының қадірін арттыруға, жастар арасында еңбекке деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған игі бастаманың бір парасы.

https://www.instagram.com/reel/DP6QqNggt4p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0