30 күнге — 30 игі іс
30 күнге — 30 игі іс
Бүгін челленджіміздің екінші күні. Біз күн демей, түн демей ел саулығы үшін кезекшілікте тұрған ақ халатты абзал жандарға қонаққа бардық.
Ораза кезіндегі жұмыс — нағыз ерлік пен сабырдың көрінісі. Кезекшілікте жүріп ауыз ашатын дәрігерлеріміз бен медбикелерімізге кішігірім қуаныш сыйлағымыз келді:
• Тәтті кекстер
• Қасиетті құрма
•Нақты ауыз ашар кестесі
Кішкентай ғана ілтипатымыз олардың шаршауын басып, жүзіне күлкі сыйласа — біздің мақсатымыздың орындалғаны. Жақсылық жасаудан жалықпайық!
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0