Ұстазға құрмет – мәңгілік тағзым!

Қазан 3, 2025 - 18:13
 0  1
Ұстазға құрмет – мәңгілік тағзым!
Ұстазға құрмет – мәңгілік тағзым!
Ұстазға құрмет – мәңгілік тағзым!
Ұстазға құрмет – мәңгілік тағзым!

Ұстазға құрмет – мәңгілік тағзым!

2025 жылдың 3 қазан күні Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 5-қазан – Ұстаздар күніне орай білім саласында еңбек етіп жүрген ардақты ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өтті. 

Мақсаты: жастардың бойында ұстаздарға деген алғыс пен құрметті арттыру, тәрбие мен білім берудің маңызын дәріптеу, жас ұрпақ пен педагогтар арасындағы рухани байланысты нығайту. 

Іс-шара барысында шәкірттер өз қолдарымен жасаған гүл шоқтарын ұстаздарына тарту етіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Әр гүл – оқушының шынайы ризашылығы мен сыйластығының белгісі. Сонымен қатар, оқушылар ән айтып, өлең оқып, шығармашылық тартуларын арнады. 

Ұстаз – адам өміріндегі ең асыл тұлға. Ол – білім мен тәрбиені қатар беріп, ұлттың болашағын қалыптастыратын тұлға. Бұл шара – ұстаздар қауымына деген зор алғыс пен мәңгілік тағзымның көрінісі. 

Қадірлі ұстаздар, шәкірт жүрегінен орын алған абыройлы еңбектеріңіз әрдайым ел есінде. Мерекелеріңіз құтты болсын! 

Ұстазға деген сый – мәңгілік!

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0