“Құқықтық мәдениет: алимент, борышкер, пробация, міндетті төлемдер және қоғамдық тәртіп” тақырыбында еркін форматта кездесу

Желтоқсан 22, 2025 - 16:01
 0  1

Заң мен тәртіп қағидаты аясында түсіндіру кездесуі өтті

Заң мен тәртіп қағидатын іске асыру мақсатында пробация есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, жеке сот орындаушысы және пробация бөлімі бірлесіп, «Құқықтық мәдениет: алимент, борышкер, пробация, міндетті төлемдер және қоғамдық тәртіп» тақырыбында еркін форматта кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері, «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ш. Батырбекқызы, Жамбыл аудандық жеке сот орындаушысы А. Үкібаева, сондай-ақ пробация бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға алименттік міндеттемелерді орындаудың маңыздылығы, қарыздарды уақытылы өтеудің құқықтық салдары, борышкерлерге қолданылатын шаралар, пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірме берілді.

Сонымен қатар жеке сот орындаушысы алимент өндіру тәртібі, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қолданылатын ықпал ету шаралары жөнінде ақпарат берсе, пробация бөлімінің өкілдері пробация бақылауындағы азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелеріне тоқталды.

Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жағдайлар бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға ынталандыру және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 1