Патриоттық тәрбие – ұлт болашағының негізі
Патриоттық тәрбие – ұлт болашағының негізі
Бүгін Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы орта мектептің 10-сынып оқушылары Бесағаш шекара заставасына экскурсияға барды.
Шараның мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық рухты қалыптастыру. Оқушылар шекара қызметінің бір күндік тыныс-тіршілігімен, әскери қару-жарақтармен танысты.
Іс-шара барысында М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, айтыскер ақын Нұрлыбек Құрманов арнайы арнау жырын тарту етті.
Мұндай тағылымы мол кездесулер — елін сүйетін, рухты ұрпақ тәрбиелеудің жарқын үлгісі!
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0